NIS ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері

1-5 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ғылыми жобалар республикалық конкурсы өтті. Онлайн форматта өткен байқауға Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 13 оқушысы қатысып, 12 жоба ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша қарағандылық зияткерлердің 9 жобасы жүлдеге ие болды:

І орын:

Рахим Баймурзин, 12-сынып оқушысы.

Жоба: «Жазықтықты бояуға қатысты комбинаторлық есептерді шешуде графтар теориясын қолдану», математика секциясы.

Санжар Әбішев, 9-сынып оқушысы.

Жоба: «Жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығы: мәселе және шешім», қазақ тілі секциясы.

ІІ орын:

Әлия Қуатжан, 11-сынып оқушысы.

Жоба: «Жазушы Асқар Алтай шығармаларындағы интертекстуальды байланыстар», қазақ әдебиеті секциясы.

ІІІ орын:

Бексұлтан Ақылбек, 11-сынып оқушысы.

Жоба: «Қазақстан аумағында импакт-құрылымдарын 3D модельдеу» жобасы, Жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясы.

Арайлым Мұхаметқали, 11-сынып оқушысы.

Жоба: «Digital poetry and Arts», информатика секциясы.

Ясмин Ибрагимова, 8-сынып оқушысы.

Жоба: Пушкиннің «Станционный смотритель» повесі кейіпкерлеріне «әлеуметтік лифттің» әсері», орыс әдебиеті секциясы.

Еркеназ Қабдыманатова, 10-сынып оқушысы.

Жоба: «Айболит» сортының Hibericum perforatum тұқымдық материалын криогенді сақтау», биология секциясы.

Асылхан Онбаев (12-сынып оқушысы), Сабина Балтина (10-сынып оқушысы).

Жоба: «Қаладағы стрит-арттың дамуына мозаикалық панно, барельеф пен муралдардың рөлі», өлкетану секциясы.

Арнайы грамота:

Артём Квон, 11-сынып оқушысы.

Жоба: «Биологиялық қалдықтардан фосфорлы тыңайтқыш алу», химия секциясы.

Оқушыларды құттықтап, толағай табыс тілейміз!