«Мейірім көпірі»: Жаңа жыл алдындағы жылы кездесу

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Жаңа жыл қарсаңында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне кезекті рет қонаққа келді. Кездесу аясында мектептің Дизайн-студиясында «Мейірім көпірі» клубының еріктілерінің қатысуымен «Аяз Ата шеберханасында» жаңа жылдық шығармашылық сабақ өтті.

Шеберлік сабағы барысында қосымша білім беру мұғалімі Светлана Катанцева қыздарға жаңа жылдық ұзын қоныш тігуді үйретіп қана қоймай, оған сыйлық салу дәстүрі қайдан және қалай пайда болғаны туралы қызықты әңгіме тарқатты. Сабақтың барлық қатысушысы материалмен және желіммен дұрыс жұмыс істеуді үйреніп, қоныштарды трафареттер бойынша жаңа жылдық детальдармен безендірді. Сабақтың соңында қатысушылар тіккен етіктерге сыйлықтар үлестірілді.

– Бұл тамаша бірлескен іс – шара қыздардың бойында шығармашылық машықтарды дамытып қана қоймай, мереке қарсаңында балаларға жақсы эмоциялар мен тамаша көңіл-күй сыйлауға, мейірімділік пен ғажайыпқа сеніп, достардың қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берді деп ойлаймыз, – деп атап өтті «Мейірім көпірі» мектеп клубының жетекшісі Гүлнара Сеитова.