Күйіков Кәріпбекбен кездесу

Күйіков Кәріпбекбен кездесу
26 суәір күні Қарағанды қ. химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ғылыми сәрсенбі” шарасы аясында оқушылар “Семей полигоны – ұлттық қасірет” ядролық жарыстарға қарсы қозғалыс белсендісі әрі суретші Күйіков Кәріпбекпен кездесті. Шараны ұйымдастырушы Қазақ тілі және әдебиеті әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері және педагог-кураторлар қауымы болды. Қазақстандық суретші, “Атом” жаһандық жобаның құрметті елшісі 2018 жылдың “Ядросыз келешек үшін” сыйлығының лауреаты атанды. Ядролық қаруды сынауды тоқтатудың белсенді күрескері ретінде және әлемді ядролық қарудан құтқарғаны үшін 2017 жылы “Атом” жобасының құрметті елшісі Күйіков Капріпбек Нобель сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсіміне ядролық қаруды тыйым салу бойынша Халықаралық қозғалысқа арналған ядролық қаруды жоюға күш салғандығы үшін арнайы шақырылды. Семей полигонында ядролық сынақ кезінде ата-анасына зақым келгендіктен, радияциялық сәуленің кесірінен Кәріпбек Күйіков қолсыз дүниеге келген. Өз өмірін және шығармашылығын ядролық қару сынақ зардаптарын еш жерде ешкім де бастан өткізбейтіндей бейбітшілік өмірге арнады. Аталмыш кездесудің мақсаты – қоршаған орта мәселелері және оқушыларды өмірге, өнерге жетелеу болса, өзіндік азаматтық ұстанымын нақты анықтауға бағытталды. Мектеп оқушылары өте көп сұрақ қойып, келген қонақтың төзімділігіне, сабырлы мінез-құлқына және шығармашылығына таңқалысты.