Discover Kazakhstan: эссе байқауының қатысушылары марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің ұрпағы» тақырыбындағы Discover Kazakhstan ағылшын тіліндегі үздік эссе байқауының қорытындысы шықты. Байқау еліміздің орта білім беру ұйымдары мен Зияткерлік мектептердің 9-12 сынып оқушылары арасында өтті.

Байқаудың мақсаты – Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа таныту, оқушылардың сана-сезімінің деңгейін және азаматтық позициясын айқындау және өз еліне, оның болашағына құрметпен қарауына жағдай жасау.

Байқау қорытындысы бойынша Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Алина Абдрахманова ІІІ орын иеленсе, 12-сынып оқушысы Айдана Жылқыбаева белсенділік танытқаны үшін сертификат иесі атанды. Оқушылардың жұмыстары Discover Kazakhstan жинағына енді.

Бүгін мектеп директоры Равиль Якупов байқау қатысушыларына диплом мен сертификатты салтанатты түрде табыс етті.

Құттықтаймыз!