Қарағандылық NIS оқушылары IESO 2023 олимпиадасында жүлделі орынға ие болды

20-26 тамыз аралығында онлайн форматта Жер туралы ғылымдар халықаралық олимпиадасы (IESO) өтті. IESO – жыл сайын әлемнің түрлі мемлекетіндегі мектеп оқушыларын жинап, олардың геология, метеорология, геофизика, астрономия және мұхиттану ғылымдары бойынша білімін сынайтын жарыс. Қатысушылар жеке және командалық жарыстарға қатысып, күрделі тапсырмаларды орындайды.

Биыл олимпиадаға Австралия, Италия, Индонезия, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты 29 елдің командасы қатысты. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Талғат Байбосынов пен Асем Дюсембекова қазақстандық команданың құрамында білімін сынап, тамаша нәтиже көрсетті:

DMT жарысы бойынша: Талғат Байбосынов, Асем Дюсембекова – қола жүлде
ESP жарысы бойынша: Талғат Байбосынов – алтын медаль, Асем Дюсембекова – қола медаль
NTFI жарысы: Талғат Байбосынов, Асем Дюсембекова – күміс жүлде
Шығармашылық байқау: Асем Дюсембекова – жүлдегер дипломы мен номинация.

Оқушыларға жетекшілік еткен – география пәнінің мұғалімдері Шұға Даурықбаева мен Гүлназ Жомартова.

Биыл NIS Қарағанды IESO-ға алғаш рет қатысып отыр, оқушылардың нәтижесі біз үшін үлкен мақтаныш! Жүлдегерлер мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!