Алидар Айтжанов – Қ.Сәтбаев атындағы химия пәні бойынша республикалық олимпиаданың алтын жүлдегері

Қарағандыдағы NIS-тің 9-сынып оқушысы Алидар Айтжанов Қаныш Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиадада І орынға ие болды. Жетекшісі – химия пәні мұғалімі Смағұл Жусупов.

9-сынып оқушылары арасындағы Қ.Сәтбаев атындағы химия пәні бойынша республикалық олимпиада 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында өтті. Оған 76 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыру.

Олимпиада теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрады. Теориялық кезеңде 9-сыныптың химия курсын толығымен қамтыған 8 тапсырма берілді. Ал практикалық кезең заттардың химиялық қасиеттерін анықтауға арналды.

Құттықтаймыз!