Тәжірибе тарату

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәрбиелік үдерісте

2019 жылдың 13-сәуірінде №77 ОМБК Қарағанды қаласы білім бөлімінің қолдауымен жалпы білім беретін мектептер үшін тағылымдық семинар өткізді.Онда «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ тәрбиелік үдерісте тәжірибе көрсете отырып семинар өткізді.Семинар жұмысына Октябрь ауданына қарасты №8, 13, 17, 34, 35, 36, 40, 54, 61,65, 73, 74, 76, 82 мектептердің және №68 мекте-интернат кешені , №53 мектеп-лицейі, №9 және №95 мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшілері қатысты.
Семинарға қатысушылар жаңартылған білім бағдарламасы арқылы тәрбие жұмыстарын қалай жүргізу керектігімен танысты. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жүйесінде қолданылатын әлеуметтік жобалары , негізгі деген шараларын №77 мектепте қолдану жайы көрсетілді. «Туған елге тағзым» зерттеушілік жобасы өте қызықты түсіндірілді.«REАDx» жобасы аясында оқушылардың ертегіні сахналауы жеткізілді. «Кітап – білім негізі» жобасы туралы айтылды.Әлеуметтік жобаға қатыстыру арқылы оқушылардың жауапкершілігін арттыруда қарастырылған. «Википедия», жобасы негізіндегі жұмыстар көрсетілді. Бұл жоба оқушыларға ұлттық және мәдени құндылықтарды жеткізуде өте тиімді тәсіл. Семинар қонақтары «Eco-challenge» жобасы аясында жасақьалған мектептің экологиялық залымен танысты. Семинардың жабылу сәтінде қатысушылар тәрбиелік жұмыста НЗМ тәжірибесін көрсеткендерге алғыс айтты. Назарбаев Зияткерлік мектептері әкімшілігі және ұстаздар семинардың ұйымдастырылу және өткізу деңгейін жоғары деп бағалады. №77 мектеп ұжымына алдағы ізденісті еңбектеріне жеміс тіледі.Семинарға қатысушылар бәсекеге төтеп бере алатын, өз елінің патриоты болар жас ұрпақты өсіру жолындағы ортақ еңбектің жемісін көру – жетістік деп тарасты.