Біз қалайтын болашақ үлгісі: Жаһандық бастама 2019

2019 жылдың 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 оқушысы Нью-Йорк қаласында өткен Future We Want Model: A Global Initiative 2019 халықаралық конференциясына қатысты. Бұл конференция Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Италияның Дипломатиялық Академиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Әлемнің 136 елінен келген делегаттар үшін барлық 17 тұрақты даму мақсаттарына арналған конференция болып табылды. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бұл конференцияда Қазақстан Республикасының және кейінгі кеңестік елдерінің жалғыз өкілдері болып табылды.

Осы конференцияда 1500-ге жуық жас көшбасшылар барлық адамзаттың күрделі мәселелеріне арналған пікір-таластарға қатысу үшін жиналды. Осы іс-шарада жас көшбасшылар жаһандық проблемалар бойынша әртүрлі елдердің ұстанымдарын таныстырып өз шешімдерін ұсынды.

FWWMUN конференциясының бірінші күні жас делегаттар бейбітшілік пен дипломатия саласындағы үздік адамдармен кездесуге мүмкіндік алды. Ротари Клубының бірінші әйел президенті Хелен Райслер мотивациялық сөз сөйледі. Ол 2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылар туралы естеліктерімен бөлісті және жиналған делегаттарға бүкіл әлемнің игілігі үшін көшбасшылық қасиеттерді дамытуға шабыт берді. Біріккен Ұлттар Ұйымында 25 жылдан астам жұмыс істеген және Мыңжылдық Даму Мақсаттарының іске асыруына қатысқан Ханифа Мезуи Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі мен жастарға Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруге мүмкіндік беретін тәжірибе бағдарламалар туралы айтып берді.

2019 жылдың 1 наурызынан бастап конференция барысында 9 комитет Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібінен тікелей туындаған мәселелерді талқылауға кірісті. Конференцияда біздің оқушылар Экономика және Қаржы Комитеті, Қарусыздану және Халықаралық Қауіпсіздік Комитеті, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта жөніндегі Ассамблеясының Комитетінде сөз сөйледі. 3 күннің ішінде әлемнің өзекті мәселелері талқыланды, содан кейін делегаттар осы мәселелерді шешу үшін қарарлар қабылдады. FWWMUN конференциясының (Future We Want Model: Global Initiative 2019) соңында Экономика және Қаржы Комитетінің жұмысына қатысқан және Комор аралдары атынан сөйлеген Сембекова Анара мен Әзімбаев Алишер конференцияның Үздік Делегаттары атағына ие болды. Оқушылар арзан, сенімді, тұрақты және қазіргі заманға сай энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Африка құрлығындағы либералдық нарық құруын және әлемнің барлық елдеріне арналған инвестициялаудың ережесін құруды ұсынды.

Комитеттердің сессияларынан бос уақытында делегаттар үшін бірқатар әлеуметтік және мәдени іс-шаралар өткізілді, оның барысында оқушылар бір-бірімен танысып, өзара байланыстар орнатты. 2 наурызда өткен әлем халықтарының карнавалы бүкіл елдердің мәдениеттердің жақындасуына көмектесті. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары осы іс-шарада Қазақстан Республикасын таныстырып басқа елдердің дәстүрлері мен мәдениеті туралы жаңа ақпарат білді.

Бұл конференция бүкіл әлемнен жігерлі көшбасшыларын жинады. Жас ұрпақ халықаралық қарым-қатынастарда тікелей тәжірибе алды, біз қалаған болашаққа қол жеткізуге бағытталған жоғары сапалы шешімдер әзірледі және осы шешімдерді тиісті

БҰҰ агенттіктеріне және әлемдік көшбасшыларына ұсынды. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің делегациясы үшін бүкіл әлемнің мыңдаған үміткерлерінен осы конференцияға қатысуға және осындай жаһандық іс-шарада біздің Отанымызды таныстыруға үлкен мәртебе мен мақтаныш болды.