2020-2021 оқу жылының үздік Шаңырағы анықталды

Оқу жылы соңында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қалыптасқан дәстүр бойынша «Шаңырақ» рейтингісі жасалды. «Шаңырақ» қоғамдастығының негізгі идеясы командалық рухты, оқу тілі мен жасы әртүрлі оқушылар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастырып, аға буынның жас буынға деген қамқорлығын дамыту.

Оқу жылы бойы барлық 12 шаңырақтың оқушылары академиялық және ғылыми зияткерлік тұрғыда көрсетіп, «Жылдың үздік Шаңырағы» атағын алуға барын салды. Атап айтар болсақ, оқушылар пәндік олимпиадаларда, зерттеу конкурстарында, турнирлерде, шығармашылық фестивальдар мен әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда білімі мен білегін сынады. Сонымен қатар, рейтинг әзірлеу барысында Шаңырақтардың дәстүрлі мектеп жобаларына қатысуы, ұжымдық шығармашылық жұмыстарға, іс-шараларға, конференциялар мен тренингтерге, жобалар мен сыныптан тыс іс-шараларға бастамашылық етіп, өткізуі және мектеп газет-журналындағы, мектеп каналы мен сайтындағы жұмыстары бағаланды. Бұдан бөлек әлеуметтік волонтерлік жобалар мен қайырымдылық акцияларға қатысқанын, белсенді ұстанымы мен әлеуметтік жауапкершілігін, әлемді жақсартып, қоғамға пайдалы болуға ұмтылысын растайтын грамоталар, қоғамдық ұйымдардан алынған дипломдар, алғыс хаттар, Елбасы медалі және басқа да марапаттар ескерілді.

2020-2021 оқу жылының Шаңырақ рейтингісі бойынша 1-ші, 2-ші және 3-ші жүлделі орынды иеленген «Бәйтерек», «Хан тәңірі» мен «Үшқоңыр» Шаңырақтарын құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен барлық бастамаға сәттілік тілейміз!