Жеке тұлға болып қалыптасудағы отбасы рөлі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ата-ана университеті» жобасы аясында кезекті онлайн-вебинар өтті. «Жеке тұлға болып қалыптасудағы отбасы рөлі» тақырыбында өткен вебинарға 7-сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

Шара барысында ұйымдастырушылар баланы әлеуметтік-мәдени нормаларға тәрбиелеп, отбасылық дәстүрге баулудың маңызы жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар олардың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру және соның барысында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу бойынша кеңестерді бөлісті.