«Жазғы мектеп – 2023» мәресіне жетті

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі екі аптаға созылған «Жазғы мектеп» мәресіне жетті. Екі аптада оқушылар STEM жобалар мен мобильді қосымшалар жасауды үйреніп, олимпиадаға дайындық сабақтарын өтті. Сонымен қатар сурет салу, дизайн сабақтарында өнерін шыңдап, спортқа да уақыт тапты.

Жазғы мектептің жабылуында оқушылар түрлі квесттер мен қызықты ойындарға қатысып, футбол, баскетбол ойнап, арқан тартысты.