«Жазғы мектеп-2022» басталды

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрге айналған Жазғы мектеп басталды. 500-ден астам оқушы өзі таңдаған пәндер бойынша білімін шыңдамақ.

Жазғы мектеп аясында оқушыларға түрлі қызықты курстар ұсынылды. Атап айтар болсақ, шәкірттер мобильді қосымшалар мен веб-сайт жасау бойынша сабақ алып, химия және физикадан эксперименттер жасайтын болады. Сонымен қатар оқушылар пәндік олимпиадалар мен МЭСК емтиханына дайындық курстарына қатысады.