Википедия бізді біріктіреді

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Википедия интернет-энциклопедиясы қауымдастығының еріктісі, үш мыңнан астам мақала авторы Қайыр Рысбаевпен кездесті. Мектептің «Википедия» клубы ұйымдастырған «Википедия бізді біріктіреді» танымдық кездесуінде оқушылар интернетке мақала жазу оны өңдеу жайлы қызықты ақпаратқа қанықты.

Қайыр Рысбаев оқушыларға Википедияға сапалы, қызықты мақалалар жазу, дереккөздермен жұмыс бойынша тәжірибе бөлісті. Өз сөзінде википедист оқушыларды туған өлкені тануға және басқаларға пайдалы болатын ақпарат жазуға шақырды.