«Туған елге тағзым – 2021» байқауының мектепішілік кезеңі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым – 2021» өлкетану-зерттеу экспедициясы байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Биыл жас зерттеушілер мен олардың жетекшілері байқау әділқазылары назарына 32 жоба ұсынды. Жобалар 7 түрлі бағытты қамтыды: «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует», «Біздің күшіміз бірлікте!», «Ұлт руханияты – бабалар аманаты», «Ұлы Дала өркениеті», «Жасыл планета», «Селт еткізер, ерен ой» және «Туған өлкем – жұмақ мекен!».

Зияткерлер жоба аясында Қарағанды өңірінің табиғатымен, тарихымен, мәдениеті және өндірістік әлеуетімен жақын танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әділқазылар шешімімен, байқаудың келесі кезеңі – NIS желілік конкурсына 14 жоба жолдама алды.

Желілік байқау жұмыстарын қорғау 27-30 қыркүйекте онлайн форматта өтеді.