Тірек мектептерге арналған шеберлік сабақтары: Ақтоғай ауданы

«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында қарағандылық NIS мұғалімдері Ақтоғай ауданындағы Күләш Байсейітова атындағы тірек мектеп педагогтарына шеберлік сабақтарын өткізді.

Шеберлік сабақтарының негізгі мақсаты – педагогикалық ұжымның кәсіби дағдыларын кеңейту ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасып, инновациялық әдістерді оқу процесіне сәтті интеграциялауға жағдай жасау.

Іс-шаралардың маңызды бөлігі NIS мұғалімдері практикасы мен тәжірибесін талқылауға арналды. Бұл тірек мектеп мұғалімдеріне ауылдық білім беру саласына сәтті бейімдеуге болатын әдіс-тәсілдермен және стратегиялармен танысуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда NIS басшылығы мен мұғалімдері келесіде өтетін семинарлар мен кездесулердің жоспарын әзірлеу үстінде. Бұл педагогтардың кәсіби деңгейін арттырып, ауылдағы білім беру ортасын жақсартуға ықпал ететін білім мен тәжірибені бөлісуге жол ашпақ.