Тәжірибесін үйрену

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін үйрену мақсатында біздің мектепке Ақтоғай ауданына қарасты Шашубай орта мектебінің ұстаздары келді. Зияткерлік мектептердегі өткізілетін іс-шаралар мен жобаларды жүргізудің әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік сыныптары өткізіліп, практикалық жұмыстар жүргізілді. Қонақтар 2 күн бойы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүргізілетін жобалар мен әлеуметтік практикалар, мектепішілік дәстүрлі іс-шараларымен танысып, сабақтарға қатысты. Семинарда шығармашылық топтармен жеке жұмыстар да ұйымдастырылды. Атап айтсақ, әлеуметтік практикалар мен «Қоғамға қызмет», «100 күй» мен «100 ән», READx» пен «Reading time», «100 кітап» жобалары, «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу жобасы бойынша шеберлік сағаттары мен түрлі тренингтер өткізілді. Қатысушылар семинардан жаңа әдіс-тәсілдерге негізделген өздеріне қажетті ақпараттар мен кеңестер алды. Осындай кездесулер аймақтағы жалпы білім беретін мектептер үшін жыл бойы ұйымдастырылып тұрады.