Тәжірибе алмасу.

Тәжірибе алмасу.
2019 жылдың 10 қаңтары күні Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарларына арналған тәжірибемен бөлісу семинары өткізілді. Бір күндік семинар бағдарламасы бойынша семинар қатысушылары «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу жобасын ұйымдастыру жұмыстары мен «Қоғамға қызмет ету», «Баланы жұмысқа ал», «10 күн ата-ана кәсіпорынында» әлеуметтік практикалары аясында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты.
Сонымен қатар, оқыту семинарында Зияткерлік мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, педагог-ұйымдастырушы-кураторлар және үйірме мұғалімдерімен «100 ән», «100 күйдің тарихы» жобаларын жүзеге асыру жұмыстары бойынша таныстырылым жасалып, оқушылардың сөйлеу шеберліктерін арттырып, әлемді өзгертетін тың ойлар беретін «TEDxNIS» форматында «Таратуға тұрарлық идеялар» тақырыбында шеберлік сағаттары өткізілді.
Семинар қатысушылары тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы заманауи әдіс-тәсілдерімен танысып, тәжірибемен алмасып, өздеріне қажетті ұсыныстар мен кеңестер алды. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әріптестерімен бірлескен, тәжірибе алмасып, жұмыс жасау барысында семинар қатысушыларында көптеген сұрақтар туындап, олар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру тәжірибесін жүзеге асыру бойынша өздерінің қызықты идеяларымен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар өз тараптарынан сапалы ұйымдастырылған семинар үшін алғыстарын білдіріп, алдағы күндерге жаңа жетістіктер тіледі.