Тұңғыш Президент күні

26.11.2018 күні Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты саптық жиын өтті. Саптық жиында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, мектеп директоры Р.М.Якупов ұстаздарды және оқушыларды мерекемен құттықтады. 2012 жылдың 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні іс-сапармен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің мектепте болғанын зор ықыласпен атап өтті.Сонымен қатар мектептің «Арыс» шаңырағы оқушылары 2018 жылы кең көлемде аталып өткен Астананың 20 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған өлеңдер оқыды. Бұхар жырау бабамыздың 350 жылдығына орай бабамыздың рухты жырынан үзіндіні мәнерлеп айтты. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мерейлі 10 жылдығына 9 «А» сынып оқушысы Дайрабай Ақмарал өз өлеңін арнады.Саптық жиын барысында «Арыс» шаңырағының оқушылары «Астана» әніне композициялық қойылым көрсетіп, оқушылар мен мұғалімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекемен тұспа-тұс келген қоғамдық пәндер апталығында 2018 жылдың атаулы оқиғаларына арналған іс-шаралар жалғасын табады.