«Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым!»

«Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым!»деген атпен Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жас ұлан» партнерлік мектебімен бірлескен салтанатты жиын өтті. Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын әуелеген ән ұранымызбен басталды.Осыдан соң әскери мектептің жас сарбаздары ұрмалы аспаптарда өнер көрсетіп Зияткерлік мектеп оқушылары патриоттық өлеңдер оқыды. Салтанатты жиын барысында мектеп оқушыларынан құралған бишілер тобы «Қазағым ай» би флэшмобын көрсетіп «Жасұлан» мектебінің жас сарбаздары “Елбасы-Елдің тұтқасы” әнімен аяқтады.