Тәрбие жұмысы жөнінде тәжірибені тарату

Тәрбие жұмысы жөнінде тәжірибені тарату
Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі
2019 жылдың 4 ақпанында Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру” атты Қарағанды қаласындағы ҚММ “№77 Жалпы білім беретін кешендік мектеп-балабақша”, ҚММ “С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицей” және Қарағанды облысының Үштөбе орта мектебінің сынып жетекшілеріне арналған семинар өткізілді. Семинар барысында, Назарбаев мектептерінің бірқатар тәжірибелері мен жобалары қарастырылды, атап айтсақ, «Қоғамға қызмет ету», «Баланы жұмысқа ертіп ал», «Өнеркәсіпте он күн», «2 апта ауылда», «100 ән», «100 күйдің тарихы», «100 кітап», «TEDxNIS», «Wikipedia». Қатысушылар өздерінің мектептеріндегі тәрбие жұмысы тәжірибесімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алу мүмкіндігіне ие болды. Осы мектептерде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жұмыстары жүйесі бойынша өз жұмыстарын жүзеге асыру үшін 2019 жылы алдағы уақытта түрлі семинарлар өткізу жоспарланды. Семинардың соңында, қорытынды жасап, кері байланыс үшін рефлексия парақшалары таратылып, толтырылды.