Жақында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Түлектер аллеясы» жаңа көшеттермен толықты. 12-сынып оқушылары қалыптасқан дәстүрді жалғап, мектеп аумағына жас шыршалар отырғызды. «Түлектер аллеясына» ағаш егу – қоршаған ортаға деген қамқорлық қана емес, сонымен қатар мектепте білім алған зияткерлер жайлы жақсы естелік екені сөзсіз.
– Жалпы, ағаш отырғызу деген мен үшін бір тарихи оқиға сияқты көрінеді, себебі мен бұл дәстүр туралы 7-сынып оқығанда алғаш естідім. Уақыт өтіп, енді сол дәстүрдің жалғасы біз болдық, – деп бөлісті жас түлек Әділ Шаяхметов.