Білімді әрі білекті оқушылар

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Теміртау қаласында өткен облыстық жасөспірімдер арасындағы армрестлинг чемпионатына қатысты. Жеке есептегі жарыс оң және сол қол сайысы бойынша өтті. Тартысты кездесуде мектеп командасы табандылық пен ұстамдылық танытып, жеңіске деген талпынысын көрсете білді. Жарыс нәтижесі бойынша 10F сыныбының оқушысы Марк Вайс 70 келіден жоғары салмақ бойынша І орынға ие болды. Ал Таир Сахариев (11Н сынып) пен Нұрдаулет Жүнісбек (8F сынып) 70 және 55 келіге дейінгі салмақта ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздар мен команда жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз!