Шеберлік сағаты

 

2018 жылдың 20 желтоқсан күні Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде шахматтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңген тренері Медведев Владимир Борисовичтің шеберлік сағаты өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының «Қарағанды облысының ақпараттық-талдамалық орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесе өткізген бұл шеберлік сағаты оқушыларға көптеген ақпарат берді. Шеберлік сағаты барысында оқушыларға шахмат тарихынан мағұлмат бере отырып, әлемнің үздік шахматшылары жайлы да ақпарат берілді. Сондай-ақ оқушылар шахмат тастары әр елде әртүрлі аталатынын білді. Мұндай шеберлік сағаты оқушылардың шахматқа деген қызығушылығын оятары сөзсіз.