Шанырақ «Қарқаралы»

Шаңырақ ұраны:     

«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!»

 

Жалпы ақпарат:

12С және 9В сынып оқушыларының бірігуі арқылы құрылған «Қарқаралы» шаңырақ бірлестігінде, 2017-2018 оқу жылында 44 оқушы бар. Шаңырақ оқушылар қауымдастығының мақсаты, әлімдік бәсекелестікке қарсы тұра алатын,  жоғары мәдениетті, өмір бойы білім алуға дайын, көпшіл, ашық,  азаматтық жауапкершілігі дамыған, өз Отанына адал, шығармашылығы жоғары, үлкенге құрметпен қарайтын, адал тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады. Шаңырақ қауымдастығының жұмысы жеті бағытта жүргізіледі. Әр оқушының жеке тұлғалық дамуы, өзінің ішкі әлемін сезіне білуі, басқалармен байланыса  отырып оларды дамыта білуі, өз елі мен жалпы адамзат үшін өз миссиясын іске асыру мақсатында Шаңырақ қауымдастығы құрылған.