«Сан қыранды самғатқан, Алтын ұя»!

«Сан қыранды самғатқан, Алтын ұя»!

2019 жылдың 1 ақпанында Қарағанды қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектебіміздің дәстүріне айналған «Сан қыранды самғатқан, Алтын ұя» атты мектебіміздің 6-шы туған күніне арналған мерекелік концерт аптаның тамаша аяқталуының көрінісі болды. Концерттік бағдарлама ғылыми білімнің пайда болу тарихын сипаттайтын тамаша би өнерімен ашылды. Сонымен қатар, концертте түрлі жанрдағы өнер көрсеткен мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары Қазақстанда Жастар жылына арналған «Жастар әні», «Күй тартыс», «Көркем сөз» атты мектебіміздің туған күніне орайластырып өткізілген жыр мүшайрасының жеңімпаз-оқушыларының өлеңдері, мұғалімдердің орындауындағы әндерден құрастырылған попурри, рояльде ойналған әсем ән мен оқушыларымыздың испан биі көрермен ықыласына бөленді. Музыкалық сәлемдеме мен құттықтау сөздерінің арасында пән бірлестіктерінің даярлаған құттықтау бейне жазбаларын қызықтау мүмкіндігі туды.

Мерекелік көңіл-күйдің жоғары болғандығынан уақыттың қалай өтіп кеткендігі байқалмай да қалды. Осы кеште өте көп құттықтаулар, тілектер айтылды. Ата-аналар комитеті де мектепке өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, туған күнмен құттықтады.
Мектептің туған күніне арналған мерекелік аптада өткізілген басқа да шаралар сияқты бұл концерт те мектептің жетістіктерін бағалауға, өмірі мен таланттарын мектеп өміріне сарп еткен мұғалімдер қауымына алғыстар айтуға, және, әрине, болашаққа жоспарды айқындауға үлкен мүмкіндіктер туғызды. Сапалы білім мен тәрбие алып отырған мектебіміздің оқушылары келешекте бәсекеге қабілетті, жауапты азамат болатындарына сенімдіміз, жаңа бағыттың қозғалтқышы әрі еліміздің жетістігі болады деп үміт артамыз. Жаңа буын мектебіне тек сәттілік пен өркендеу тілейміз!