Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегелері марапатталды

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Равиль Якупов Республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлдегер атанған Әлішер Өмірзақ пен Камила Оразбекке медаль мен дипломдарын салтанатты түрде табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында мектеп оқушылары Әлішер Өмірзақ пен Камила Оразбек Республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлдегер атанған болатын. 12-сынып оқушысы Әлішер Өмірзақ «Айналма гомотетиялар композициясы» жобасын қорғап, геометриялық түрлендіруге қатысты зерттеу нәтижесін ұсынды. Конкурс нәтижесі бойынша Әлішердің жобасы алтын медальге лайық деп танылды. Ал 11-сынып оқушысы Камила Оразбектің білім беру процесінде толықтырылған шынайылық әдісін қолдану жобасы күміс медальге ие болды.

Оқушылар құттықтап, толағай табыс тілейміз!