Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына биыл 687 зияткер қатысып отыр. Олардың 455-і жаратылыстану-математика бағытын таңдаса, 232 оқушы қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білімін сынады.