Республикалық Дебат ойынында мектеп оқушылары жүлдеге қол жеткізді

Республикалық Дебат ойынында мектеп оқушылары жүлдеге қол жеткізді.
Сәуір айының 13-14 жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қарағанды медицина университетінің бастамасымен «Болашақ жастары» атты «KMU KUP II» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.Аталмыш сайысқа еліміздің әр өңірінен оның ішінде Алматы,Тараз,Түркістан қалаларынан бағын сынауға өткіртілді, ойы жүйрік студенттер келді.Осы турнирдің ең жас қатысушылары қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Марыстан келген» командасындағы 8А сынып оқушысы Шаяхметов Адиль,7С сынып оқушысы Берлібеков Қаныш және «Жанна Д арк» командасындағы 9А сынып оқушысы Дайрабай Ақмарал мен 9В сынып оқушысы Ануар Ақнұр мектебіміздің намысын қорғады.Оқушылар студенттерді таң қалдырып 2 фракия да финалға шықты.Осынау бәсекеде Шаяхметов Адиль мен Берлібеков Қаныш жүлделі І орынға ие болып арнайы кубоқты қанжығалап қайтты.