Республикалық конкурстан жүлделі оралды

Ақпан айының 11-14 күндері Алматы қаласында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткен болатын. Аталған конкурсқа Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бес оқушысы қатысты. Конкурс нәтижесі бойынша, төрт оқушы жүлделі орынға ие болды.

 

Алтын медаль иегерлері:

Амина Жаркенова, химия. Жоба атауы: «Өнеркәсіптен шығатын көміртек диоксидінен белсенді металдардың электролиз байланысы арқылы аллотропты түрленген көміртек алу»;

Аркадий Цай, математика. Жоба атауы: «Оригаметрияны геометриялық және тәжірибелік есептерді шығаруда қолдану».

 

Қола медаль иегерлері:

Мағжан Тегисов, физика. Жоба атауы: «Гидроцилиндр мен желілі генератор негізінде жасалған ғарышкерлерге арналған жаттығу құрылғысы»;

Дильназ Рысбек, этномәдениеттану. Жоба атауы: «Алаш қайраткерлерінің қанатты сөздерінің оқушылардың азаматтық позициясына әсері».

Оқушылар мен жобаға жетекшілік еткен ұстаздарды жеңісімен құттықтаймыз!