Пилоттық мектеп тәжірибе алмасты

Пилоттық мектеп тәжірибе алмасты

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңартылған білім беру мазмұның апробациялау бойынша пилоттық жоба аясында Киевка кентінің №2 орта мектебіне кезекті тәжірибе алмасуға барып қайтты. Химия, биология, физика, география, ағылшын тілі пәндер мұғалімдері командалық оқыту өткізді. Мұғалімдер белсенді оқыту формалары мен көптеген тәжірибелерді тиімді қолданып үйренгендерін практикада көрсете алды.Сонымен қатар Зияткерлік мектеп ұстаздары оқу сауаттылығы, жиынтық бағалауды құрастыру мен өткізудің әдіс тәсілдері, қалыптастырушы бағалау стратегиясы, жаратылыстану-математика цикл пәндерін оқытудағы жаңа тәсілдер, сабақтағы кері байланыс түрлері бойынша қосымша мағлұматтармен бөлісті.