Old vs Young: баскетболдан жолдастық матч өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектебінде баскетболдан мұғалімдер мен оқушылар құрама командалары арасында «Old vs Young» жолдастық матчі өтті. Спорттық шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ойындар мектептің жақсы дәстүріне айналған.

– Ойын достық атмосферада өтті, қатысушылар жақсы техника мен командалық жұмыс қабілетін көрсете білді, – деп бөлісті дене шынықтыру мұғалімі Ғалымжан Альбазаров.

Тартысты ойын нәтижесінде мұғалімдер командасы 10:6 есебімен жеңіске жетті.