Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы президенті сайланды

9 қазан күні Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы президентінің сайлау өтті. Кандидаттарға дауыс беру процесі қашықтан ұйымдастырылып, белгіленген ережелерге сай еркін және құпия болды.

Сайлауға комиссия таңдаған бес үміткер қатысты. Олар: Еммануил Грибов, Ақмарал Дайрабай, Алия Муканова, Томирис Танырбергенова, Яна Филатова қатысты. Сайлау алдындағы науқан барысында барлық кандидаттар мектеп ұжымына өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ұсынып, өз пікірін дәлелді түрде айта білу және көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді.

Электрондық дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинап, 2020-2021 оқу жылында оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы парламентінің төрағасы болып 11 Д сынып оқушысы Алия Муканова сайланды.

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының сегізінші президентін жеңісімен құттықтап, Алияға мектеп қауымдастығы артқан сенімді ақтауға тілектеспіз.