Оқушылар Филиппин жайлы қызықты деректермен танысты

Бүгін мектеп оқушылары мен ұстаздары физика пәнінен сабақ беретін шетелдік мұғалім Кларк Иэн Пелен мырзамен кездесті. Кларк мырза отаны Филиппин жайлы әңгіме өрбітіп, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Оқушылар мен мұғалімдер Филиппин елінің тарихымен танысып, оның географиясы, флорасы мен фаунасы және мәдениеті жайлы қызықты мәліметтер білді.

Сонымен қатар Clark Ian Pelen мырза қазақстандық және филиппиндік білім беру саласын салыстырып, мәдени өзгешеліктеріне тоқталды.

– Қазақстанның біраз жерін араладым. Сапарларым қызықты болды. Қазақтар мен филиппиндіктердің отбасы дәстүрі мен мәдениетінде көп ұқсастықтар байқадым, – деп бөлісті физика мұғалімі.