НЗМ мұғалімдері ауылдағы әріптестеріне тәжірибе бөлісті

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентіндегі Шәрбан Батталова атындағы білім ордасының ұстаздары Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесімен танысты. Мұғалімдер химия, биология, физика, математика, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша ашық сабақтар мен семинар-тренингтерге қатысып, білім беру үрдісінде пайдалы болатын ақпаратқа қанықты. Сонымен қатар ұстаздар Lesson Study бойынша тренингке қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мектеп директоры Равиль Якупов Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерімен тәжірибе алмасуға әрдайым дайын екенін атап өтті.