NIS CHALLENGE зияткерлік ойыны қалай өтті?

Барлық Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы NIS CHALLENGE зияткерлік ойыны өтті. Бұл NІS Alumni Түлектер қауымдастығының алғашқы жобасы.

Қарағандыда өткен ойынға 8 команда қатысты, олардың әрқайсында 7-12 сынып оқушылары мен мектеп түлегі болды.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды «Қызыл-қоңырлар» командасы иеленді. «NIS даму қоры» корпоративтік қоры жеңімпаз командаға 100 000 теңге бөлді, бұл қаражатты олар NIS Alumni жобаларының бірін инвестициялауға бағыттай алды. Балалар қазақ тіліндегі контенттің дамуын қолдау мақсатында «Khan Academy» жобасын таңдады.