«Не? Қайда? Қашан?» мектепішілік турнирі өтті

Қарағандылық NIS-те «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынының мектепішілік турнирі өтті. Дәстүрлі шараға оқушылар мен мұғалімдердің 9 командасы қатысты.

Ойын нәтижесі бойынша «Nur Wir» командасы озық шығып, гран-приге ие болды. Бірінші орынды «Все НИШтяк» командасы, екінші орынды «Дишники» командасы жеңіп алды. Ал үшінші орын ағылшын тілі мұғалімдерінің «Eng gang» командасына бұйырды. Математика мұғалімі Алибек Асетов үздік капитан атанды.