Футболистеріміз – облыс үздіктері

24-26 ақпан күндері №97 гимназияда 7-8 сынып оқушылары арасында «Былғары доп» клубының жүлдесі үшін футбол турнирінің облыстық кезеңі өтті. Ойын айналма жүйе бойынша жүргізіліп, барлық команда бір-бірімен кездесу өткізді.
Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы Саран, Теміртау, Шахтинск және Бұқар жырау мен Шет аудандары құрамасымен болған тартысты ойында басымдық көрсетіп, Қарағанды облысы чемпиондары атанды. Ойыншыларымыз бен команда жаттықтырушысы Бағылан Қонақбаевты жеңісімен құттықтаймыз!