Конкурс «Математика және жобалау»

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11F сыныбының оқушысы Ахметжанов Талғат Мәскеуде 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткен халықаралық конкурста бірінші орынға ие болды. «Математика және жобалау» деп аталған конкурста жүзден жүйрік шыққан өренімізді құттықтаймыз. Жеңісті күндер көп болсын.