Қазақша караоке іс-шарасы

13 қыркүйек 2019 жылы таңғы 8.00-8.15 аралығында Қазақ тілі және әдебиеті әдістемелік бірлестігі «Тіл – руханият өзегі» атты пәндік айлық аясында Қазақша караоке іс-шарасы өткізді. Іс-шараға Қарағанды қ. ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-9 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қазақ тіліндегі патриоттық, лирикалық өлеңдер арқылы оқушылардың бойында ана тіліне деген сүйіспеншілік, ұлттық мәдениетіне деген құрмет, сыныптас достары арасындағы сыйластық сезімдерін, бірліктерін нығайту.

Қазақша караоке шарасында күнді көтеріңкі көңілде бастап, әнді бірігіп айтуға оқушылар арасында әр қазақтың жүрегінен үлкен орын алған әндер ұсынылды. Олардың қатарында Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені», Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен», Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім», Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы», Қуандық Рақымның «Жан досыма» әндері орындалды.

Өткізілген іс-шара нәтижесінде оқушылар ынтымағын нығайтып, рухани шабыттанып қана қоймай, өздерінің денсаулықтарына жағымды әсер ететін тыныс алудың таңғы гимнастикасы ретінде ән айтып көңіл-күйін көтерді, сабақ алдында ашықтық, белсенділік, байсалдылық қалпына түсуге мүмкіндік алды. Мұның барлығы балалардың ойлау үдерісін жақсартып, білім алуына оңтайлы жағдай жасады