«Мектепке жол» республикалық акциясы

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары, оқушылары мен ата-аналары «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

Биылғы жылы республикалық акция «Жақсылық жаса!» ұранымен өтті.

Акция аясында жиналған түрлі кеңсе тауарлары мен мектепке керек шығармашылық және қолөнер бұйымдарын Қарағанды облысы білім басқармасының №4 арнайы мектеп – интернаты балаларына табыстадық.

Акцияға қатысып, жақсылық жасауға ниет білдірген бүкіл мектеп қауымдастығына зор алғысымызды білдіреміз!