Мектеп президентін сайлау

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде президент сайлауы өтті. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы басшысына дауыс беру бекітілген ережелерге сай еркін және құпия түрде жүргізілді.

Мектеп президенттігіне үміткер ретінде 10-11 сыныпта оқитын алты оқушы тіркелген болатын. Олар: Ануар Тұрлұбай, Асель Саржанова, Арыслан Марат, Аяулым Серікова, Дания Нұрланқызы, Индира Дулатова. Үміткерлердің әрқайсысы өз сайлауалды бағдарламаларын оқушыларға таныстырды. Үгіт-насихат апталығы аясында әр кандидат өзін-өзі басқару ұйымы жұмысын дамыту бойынша идеяларын бөлісті.

Сайлау нәтижесі жақын уақытта белгілі болады.