Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі

Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының 
президентін ұлықтау рәсімі

Бүгін Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің саптық жиынында мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Сайлау кезінде мектеп президентіне үміткерлер, 10-11 сынып оқушылары: Абдиева Айгерім, Ербол Елнур, Қуаныш Таирхан, Мырзагалиева Газиза, Онайбеков Селим, Естай Данияр, Поляков Руслан өздерінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстырды. Әрбір үміткердің батылдықтарын атап өтуге болады : өз көзқарасын ашық білдіру, пікірін қорғау үшін дәлелдерді келтіру және көшбасшылық қасиеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Мектеп президентінің сайлауы 2018 жылдың 9- қазанында белгіленген ережелерге сәйкес ашық және жасырын дауыс беру негізінде өтті. Есеп комиссиясының шешімі бойынша ең көп дауыс санын жинаған 10 «Е» сынып оқушысы Абдиева Айгерім 2018 – 2019 оқу жылының мектеп президенті болып сайланды. 
Мектеп директоры жаңа президент Айгерімді қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған толағай табыстар тіледі. Өз кезегінде, Айгерім оқушылар мен ұстаздар алдында салтанатты ант қабылдады және мектептің өзіне деген жоғары сеніміне алғысын білдірді. Барлық қатысушы оқушылар мен мұғалімдер мектеп президентін құрметпен қарсы алды