Мектеп еріктілері тал егу акциясына қатысты

Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірім көпірі» клубының еріктілері еліміздің көп қаласында өткізіліп жатқан «GREEN ERA!» жобасына қатысты. Акцияны #ERAТворитДобро жобасының қатысушылары ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – қалаларды көгалдандыруға үлес қосып, басқаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, әлемді жақсартуға тырысып жүрген адамдармен пайдалы уақыт өткізу.

Акция аясында мектеп волонтерлері мен педагогтары жоба ұйымдастырушылармен бірге мектеп аумағында қайың көшеттерін отырғызып, жас талдар тереңге тамыр жайып, биікке бой көтереріне сенім білдірді.

Маңызды және қажетті акцияға қатысуға мүмкіндік беріп, қоғам игілігі мен экологияны жақсартуға бағытталған игі істерді жүзеге асырудағы ынтымақтастық үшін «GREEN ERA!» ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз.