Мейірім сабағы

Еріктілер жылы аясында Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың бойына рухани және адами қасиеттерді дарытуға арналған «Мейірім сабағы» жобасы іске қосылды. Көркем әдебиет пен кино әлеміндегі үздік туындыларға негізделген бұл жоба оқушылардың пайымын арттырып, талапшыл, өмірге құштар, мейірімді әрі кешірімді болуға тәрбиелейді.
Аталған жобаның алғашқы шарасында оқушылар «Сынып алдында» фильмін тамашалады. Фильм Брэд Коэннің «Front of the Class: How Tourette Syndrome Made Me the Teacher I Never Had» кітабының желісінде түсірілген. Бұл фильм адамның өз өміріне, айналаға көзқарасын өзгертіп, ең маңызды құндылықтар жайлы ойлануға шақырады.
Көрсетілімнен кейін оқушылар фильмді талқылап, «Пікір парағын» толтырды. Онда олар бүгінгі «мейірім сабағынан» қандай әсер алғанын жазды.