«Ұлы дала мұрагерлері»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобы Қарағанды  қаласында жалғасын тапты.Зияткерлік мектеп оқушылары «Бірлігіміз жарасқан», «Мир без войны», әндерін орындап, жұртшылық назарына ұсынды.Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған күйшілер  бір мезетте .  Даулеткерейдің  «Көріғұлы»,  Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым», Бақтыбайдың күйі «Әуен», Құрмаңғазының    «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар мектебіміздің оқушылары  «Тек алға», «Қазағым -ай» әндерін шырқап осынау әуендерге оқушылар флешмоб биледі.Зияткерлік мектептер арасында дәстүрге айналған күй флешмобын тамашалаушылар қатары да жыл өткен сайын артып келеді.