«Үлкен өзгерістер»

«Үлкен өзгерістер»
31 қаңтарында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директордың кубогына арналған КВН ойыны өткізілді, бұл мектептің 6 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралардың жалғасы. КВН ойыны позитивті эмоционалдық , іскерлік қарым-қатынас пен ынтымақтастық ахуалын құруға, сондай-ақ коммуникативтік дағдылар мен сахналық шығармашылықты дамытуға, мұғалімдерді, оқушыларды және ата-аналарды біріктіруге және түсінісуге ықпал етеді. Мектептің алтыншы туған күні қарсаңында тамаша жыл сайынғы дәстүрге айналған КВН ойыны өтті. Мектеп ұжымы осы оқиғаны асыға күтті. Үш қатысушы команда бұл мерекелік шараға үлкен дайындықпен келді. Мектеп ұстаздарының «Рожденные в СССР»командасы , оқушылардың «Мы без интеллектуалов» командасы мен ата-аналардың «Родительский винегрет» командалары өзара бық сынасты. Ойыншыларға баға беруге әділқазылар алқасы мұғалімдерден, ата-аналардан, мектеп түлектерінен және мектеп оқушыларынан құралды. Әр команда жоғары деңгейде дайындықпен келгендерін аңғартты. Екі сағатқа ұласқан ойын қызықты әзілдерге толы болды. Әр команда өзінің ойын өрнегімен, интеллектуалды және юморлық шешімімен ерекшеленді. Қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңайға соқпады. Лайықты қарсыластарымен күрделі ойында ұстаздардан құралған «Рожденные в СССР»командасы 2019 жылғы КВН ойынының жеңімпазы болып, 1-орынға ие болды. Ойынның соңында мектеп директоры Равиль Мансурович жыл сайын ойынға қатысатын ата-аналар командасына рахмет айтып, сондай-ақ бүкіл мектеп командасы мен барлық оқушыларға тамаша ойындары мен үнемі ынтымақтастықтары үшін ерекше алғыс білдірді. 
Барлық көрермендер тамаша ойыннан ұмытылмас әсер алды. Қазылар алқасының мүшелері мен қонақтар бүкіл мектептің шығармашылық бірлестігіне ерекше кешке шақырғандыры үшін алғыс айтты..
Туған күніңмен, сүйікті мектебім!