Кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың жаңа тәсілі.

Кітап оқуға деген қызығушылықты арттырудың жаңа тәсілі.

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Edible book» деген атпен фестиваль өтті. Мектеп кураторлары әр шаңырақ атынан бір – бір кітапты оқуға ұсынып, оқушылар ата-аналар үлкен қызығушылықпен қатысты.Кітапты торт түрінде көпшілік назарына ұсынып, аталмыш кітап жайлы қысқаша мағұлмат берді. Мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шараға 15 шаңырақ қатысып, өздері ұсынған кітапты оқуға кеңес беріп, ондағы оқиғаларды ауызша сипаттап,тіпті қысқа қойылым түрлерінде де көрсете білді.Қазылар алқасы әр шығармашылық топтың жұмысына баға беріп, қызықты әрі көркем етіп безендірілген тәтті кітаптардың арасында үздіктерін анақтады. Мұндай шара кітап оқуға деген қызығушылықты арттырары сөзсіз. Барлық топтар фестивальге креативті және шығармашылық тұрғыдан қарады..