Кітап әлемді бағындырады

Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті. Акцияға оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен мектеп қызметкерлері қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты – мектеп қауымдастығы арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Аталған іс-шара еліміздің барлық Зияткерлік мектебінде дәстүрлі түрде өтіп келеді.