Үйірмелер жәрмеңкесі: 40-тан астам үйірмелер мен клубтар ұсынылды

Бүгін жаңа бастамаларға толы күн болды! 40-тан астам түрлі үйірмелер мен клубтар ұсынылған жәрмеңкеде әркім өзіне жақын және жаңа нәрсе таба алды. Театрды жақсы көретін оқушылар сахна өнерінің сиқырын сезінуге шақырды. Жас робототехниктер технологиялар мен өнертабыстар әлемінің кереметін бөлісті. 3D анимация үйірмесі ғажайыпқа толы виртуал әлемді ұсынды. Шахматшылар оқушыларды достық партиясын ойнауға шақырды. Ал пікірсайысшылар сенімді сөйлеудің құпиясын бөлісуге уәде берді. Қаржы әлемі туралы көбірек білгісі келетіндер үшін инвестиция бойынша үйірме ұсынылды. Жәрмеңке оқушыларға өз қызығушылығын тауып, идеялас командаға қосылуға мүмкіндік берді.