Игі істер күні

Көктемгі жаңару мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Игі істер Күні» аясында Шахан кентінің қарттарын құттықтап қайтты. Карантинге байланысты педагогтар қарияларға арналған мерекелік дастарханды сырттан табыстап,  мектеп өауымдастығының ақжарма тілегін жеткізді. Оларға зор денсаулық, бақыт, махаббат, бейбітшілік, жақсылық және амандық тіледі.

Мектептегі «Мейірім көпірі» клубының еріктілері де әжелер мен аталарға және Қарттар үйінің барлық ұжымына бейне-құттықтау дайындады: